$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында спорт кешенін салуға бөлінген қаражат қолды болды

Жемқорлық жасағандар 8 жылға дейін сотталды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар қаласында «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінің сыртқы желілерін салу және үйлерін абаттандыру, сондай-ақ Ленинский кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу кезінде ақша қаражатының жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттіктің хабарлауынша, сотталған А.Ахметов бюджет қаражатын жымқыру мақсатында 2016-2017 жылдары «АзияСпецСтрой» ЖШС, «Ман-Қожа» ЖШС және «Репер-СК» ЖШС сатып алып, оларды жалған тұлғаларға тіркеген, кейіннен аталған кәсіпорындар атынан мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысқан.

А.Ахметов А.Бекеевпен, К.Күлтұмановпен, О.Сағынаевпен және М.Ғаббасовпен алдын ала сөз байласу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың іс жүзінде орындалмаған актілеріне қол қойды, осылайша мемлекетке жалпы сомасы 59 миллион теңгеден астам залал келтірілді.

А.Ахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, А.Бекеев 3 жылға, К. Күлтұманов, О.Сағынаев және М.Ғаббасов 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары