$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа жыл күні ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстанда 30 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қара теңіз аудандарынан шыққан ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. 35 градус суық болады."Қазгидромет" РМК.

Болжам бойынша, 30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Түнде солтүстік-шығыста боран соғады.

31 желтоқсан батыста, ал 1 қаңтар оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қар, жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с болады, Алматы облысы Алакөл ауданында 30 м/с-ке дейін жел күшейеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары