Тіркелмеген «Демократиялық партия» жетекшісі Жанболат Мамай БҰҰ Адам құқығы комитетіне шағым түсіретінін айтты. Бұған себеп – «Нұр Отан» төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жайлы фильмді өшіруге міндеттеген Қазақстан сотының шешімі.
Айта кетейік, Жанболат Мамай Алматы қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «жемқорлығы» жөнінде зерттеу фильмін жариялады.
Бауыржан Байбек белсендіні «ар-намысқа нұқсан келтірді» деп айыптады және сотқа арыз түсірді. Жанболат Мамай Қазақстандағы барлық сот инстанцияларынан өткенін де айтты.
– Қазақстандағы барлық инстанциялардан өттік. Әуезов аудандық сотынан өттік, қалалық соттан өттік. Жоғарғы соттан да қазір өтіп отырмыз. Қазақстанда әділеттің жоқ екенін көріп отырмыз. Енді БҰҰ Адам құқығы комитетіне шағымдануға құқығымыз бар. Алдағы уақытта заңгерлермен ақылдаса отырып, шағым түсіреміз, – деді ол баспасөз мәслихатында.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.