Жасөспірім тоқ соққаннан кейін аман қалды, алайда оның денесінің көп бөлігі күйіп қалған. Ал оның досы сол жерде көз жұмды. Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап.
Алматы станциясында 27 желтоқсанда төтенше жағдай болды. Үш жасөспірім вагонның үстіне шығып селфи жасамақ болған. Олардың бірі тоқ соққаннан кейін сол жерде қайтыс болды, бір баланың денесінің 60%-ін күйік шалған. Дәрігерлер қазір науқастың қандай жағдайда екенін айтты.
"Науқас бізге ауыр халде түсті. Негізгі диагноз – электр тоғынан күю. Оның жағдайы қазір тұрақты. Терапевт, кардиолог қарап, басқа да медициналық қызмет көрсетілгеннен кейін ол бейінді дәрігерлердің бақылауында болу үшін балалар ауруханасына ауыстырылды", - деді Almatyтелеарнасына №4 қалалық клиникалық аурухананың травматолог дәрігері Елдос Әлменов.
Қайғылы оқиғадан кейін көліктегі полиция департаменті жасөспірім өліміне және жарақат алғанына кінәлілер бас бостандығынан айырылатынын айтты.
Дерек қылмыстық кодекстің 344-бабының 2-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу" бойынша Алматы 1 станциясында желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұл бап үш жылға дейін белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе бұл талапсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Көлік полициясының хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Іске қатысты басқа деректер жарияланбайды.
Айта кетері, бұған дейін темір жолда осындай қайғылы оқиға Қазақстанның басқа қаласында тіркелді. Таразда жасөспірім селфи жасау үшін пойыздың үстіне шыққан. Жасөспірім тоқ соққаннан кейін жанып кетті.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.