$ 445.66  474.58  4.78

Атырауда Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды

Ескерткіш Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атырауда Абай орталығы алдына ақын, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі atpress.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, ескерткішті белгілі елордалық мүсінші Асқар Нартов жасаған. Биіктігі 11 метр. Ескерткіш Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған.

Ескерткіштің ашылу салтанатына қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер мен жастар қатысқан. Жиналғандарды облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтады.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыста бірқатар шара өтті. Ел тәуелсіздігінің мерейтойына орай ұлы ақын, ойшыл Абайдың ескерткішін ашып отырмыз. Бұл облыс үшін тарихи оқиға. Өйткені, Абай Құнанбаев - бүкіл әлемге әйгілі ақындардың бірі", - деді облыс басшысы өз сөзінде.

Ескерткіштің ашылу құрметіне арналған дәстүрлі лентаны Махамбет Досмұхамбетов пен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов қиды. Шара соңында жаңа ескерткішке гүл шоқтары қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары