$ 448.89  477.93  4.76

Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай байқау жарияланды

Байқау 2022 жылдың 1 қаңтар мен 1 сәуір аралығында өтеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

«Махаббат, қызық мол жылдар романындағы кейіпкерлер әлемі» көркемсурет байқауы өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz 

Байқауға 2022 жылғы 1 қаңтардан 1 сәуірге дейін қатысуға болады. Мүшәйраны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы ұйымдастырып отыр.

Байқауға Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан таңдап алынған қысқаша үзіндіге иллюстрация ретінде фотосуреттер мен қолмен салынған  (акварель, май бояуы, пастель, т.б. техникамен орындалған) суреттер қабылданады.

Жіберілген жұмыстар аталған романнан таңдап алынған қысқаша үзіндідегі (қазақ немесе орыс тілінде) сюжетке толықтай сәйкес келуі тиіс. Бұл екі ғашықтың  қол ұстасып тұрған жай суреті ғана болмау керек.

Конкурсқа қатысатын суреттің идеясы мен көтерген мәселесі «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан алынған сюжет мәтініне сай болып, оның терең мазмұнын бере алумен қатар, жұмыстың орындалу (техникалық) шеберлігі де жоғары болуы тиіс.

Жұмыстардың түпнұсқасы (салынған суреттің өзі) және А4 қағазда басылған романнан алынған үзіндінің мәтіні және толтырылған анкета мына мекенжайға 050029 Алматы, Бөгенбай батыр көшесі, 152, Полатбекова Әлия Маратқызына деп пошта арқылы және электрондық  түрде  (жұмыстың сканерлеген нұсқасы, А4 қағазда басылған романнан алынған үзінді мәтіні және толтырылған анкета) adai75@mail.ru электронды поштасына жіберілуге тиіс. Жұмыстың түпнұсқасы қайтарылмайды.

Байқауға Қазақстанның ЖОО студенттері, магистранттары, докторанттары қатыса алады.

Конкурс жұмыстарының сараптамасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алдыңғы қатарлы оқытушылары мен профессорлары, сондай-ақ жазушының отбасы мүшелері жүргізеді. Жеңімпаздарға стипендия тапсырылады. Тапсыру салтанаты 2022 жылғы 15 сәуірде Ұлттық кітапхананың Кітаптану залында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14.

Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының http://nurshaihov.kz/ru жеке сайтында жарияланады. Стипендия фотосурет өнері және бейнелеу өнері бойынша бірінші, екінші, үшінші орындарға беріледі. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да қарастырылады.

Байқаудың қорытынды жиынында жеңімпаздар өз жұмыстарының мақсаты мен идеясын көпшілік назарына ұсына алады.

Байқау – 2022 туралы қосымша ақпарат ӘлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  сайтында жарияланады.

ҚАТЫСУШЫНЫҢ АНКЕТАСЫ

Аты-жөні_________________________________________________________

Туған жылы  ______________________________________________________

ЖОО аты__________________________________________________________

Факультет_________________________________Курс___________________

Қатысушының мекенжайы__________________________________________

Ұялы телефон______________________e-mail_______________________________

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары