$ 448.15  483.46  4.86

Байланыс ұстамаған күндер үшін телефон ақысын қайта есептетуге болатын ереже шықты

9 қаңтардан бастап елімізде байланыс және ғаламторға қосылу қызметтерін көрсету ережелері өзгереді.

Енді қазақстандықтар байланыс болмаған күні телефон үшін төлейтін ақыны қайта есептеуді талап ете алады. 9 қаңтардан бастап елімізде байланыс және ғаламторға қосылу қызметтерін көрсету ережелері өзгереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұдан былай байланыс операторлары тариф шарттарын тек абоненттің келісімімен өзгерте алады. Ол үшін кемі 30 күн бұрын телефон арқылы немесе жазбаша түрде ескертуі қажет. 

Осы уақыт ішінде абонент тарифтің өзгеруінен бас тартатыны туралы өтініш қалдырмаса, ол шарттардың өзгеруімен келіседі деп есептелінеді. Сондай-ақ, телефон байланыс операторлары жылына бір рет қана тарифты ауыстыра алады. Тиісті құжатқа цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары