$ 447.4  477.55  4.76

Бүгін 7 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

Елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Бүгін Қазақстанның 7 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

«2021 жылғы 31 желтоқсанда Нұр-сұлтан, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген «Қазгидромет» РМК-сы таратқан ақпаратта. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары