31.12.2021, 13:12

Аяжан Еділованы өлтірген күдіктіге қатысты үкім шықты

Аяжан Еділова
Ол 25 жыл бас бостандығынан айырылып, 20 миллион теңге моральдық шығын өтейтін болды.

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірген күдіктіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Skifnews. 

Процесс Аматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Сот отырысы жабық режимде өтті.

Судья Еркін Майшинов: «Сотталушы Төребековке Қылмыстық кодекстің 120 «Зорлау» бабы бойынша 11 жыл бас бостандығынан айыру, 99 «Кісі өлтіру» бабы бойынша 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жиыны сотталушыға 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Жәбірленушілерге 26 миллиард 358 миллион теңге ішінара қанағаттандырылсын. Сотталушы Төребековтен 20 миллион теңге моральдық шығын өндірілсін»-деген үкім шығарды. 

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.