$ 494.87  520.65  4.91

Оралда перзентхана қызметкері лифтінің астына жаншылып қайтыс болды

Марқұм орталықта вахтер болып жұмыс істеген.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Оралда перинаталдық орталықтың қызметкері лифтінің астына жаншылып қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні таңертең болған. Белгілі болғандай облыстық перинаталдық орталықта 1971 жылғы қызметкер қайтыс болған. Ол жүк лифті мен шахтаның арасында жаншылып қалған. Мәйітті құтқарушылар шығарып алды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы қоңырау 8.56-да түскенін хабарлады.

«Алдын ала ақпарат бойынша, әйел жүк лифтісінің шахтасына құлап кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Марқұм орталықта вахтер болып жұмыс істеген. Аталған факті бойынша тергеу басталды», - деп хабарлады полиция.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары