$ 447.4  477.55  4.76

Семей әкімдігі 23 миллион теңгеге алынған «мәскеулік» шыршаларға түсінік берді

Бұл сомаға безендіру және тасымалдау құны да кірген.

Семей әкімдігі 23 миллион теңгеге екі шырша сатып алынғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, бұған дейін жаңажылдық екі шыршаның құны қала тұрғындарының ашуын келтірген. Шыршалардың бағасы желіде қызу талқыланған. 

Кейін бұған жауап ретінде Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі шыршалар Мәскеуден сатып алынғанын, сомаға безендіру мен тасымалдау да кіргенін айтқан.

Алайда бұл жолы басқарма басшысы Амантай Өтелбаев БАҚ өкілдерін жалған ақпарат таратты деп айыптап, бұл шыршаларға бюджеттен бір тиын да жұмсалмағанын айтты. Оның сөзінше, барлық шығынды демеушілер өтеген.

"Баспасөзде жаңажылдық шыршаны әкімдік сатып алғаны туралы жалған ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Шыршалар мен ойыншықтар демеушілер есебінен сатып алынды, демеушілер қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға өз үлесін қосты. Ескі шырша тозып қалған, ол 10 жыл бұрын сатып алынған", - делінген Өтелбаев хабарламасында.

Басылым мұндай жағдайлар Семейде бұрын да болғанын еске салды. Мысалы, бірнеше жыл бұрын Семей тұрғындары жаңбыр кезінде жолға асфальт салынып жатқанын сынаған, ал әкімдік жөндеу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілгенін айтқан. Қала билігі орталық алаңдағы қымбат тайқазанға да осындай түсінік берген. Кейінгі жағдайлардың ішінде Жеңіс саябағындағы Мәншүк Мәметованың ағаш мүсінін еске түсіруге болады - семейліктер оны да сынға алған, ал әкімдік мүсін қазынадан емес, демеушілік ақшаға орнатылғанын айтқан.

"Барлық жағдайда демеушілердің есімі аталмайды. Әкімдік өкілдері демеушілер өзін жарнамалағысы келмейтінін айтады", - деп жазды портал.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары