Жаңалықтар 31.12.2021 сағат 17:20

«Маған тек екі минут берді»: Ауғанстанның бұрынғы президенті Кабулдан қалай қашқаны жайлы айтып берді

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани ВВС-ге берген сұхбатында Кабулдан қашқаны жайлы айтып берді. Оның сөзінше, Ауғанстан астанасының бұзылуын алдын алу үшін елден қашуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Маған тек екі минут берді»: Ауғанстанның бұрынғы президенті Кабулдан қалай қашқаны жайлы айтып берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ашраф Ғани 15 тамызда ұйқыдан еш күдіксіз оянғанын айтады. Тек Өзбекстанға бет алған ұшақ бортында ғана оқиғаны толығымен түсінген. Ашраф Ғани Өзбекстаннан кейін Біріккен Араб Әмірлігіне аттанған.

Елден кеткеннен кейін президентті соңғы сәтте халқын тастап кетті деп айыптаған. Алайда ол мұның өз қауіпсіздігі үшін ғана емес, қаланы сақтап қалу үшін жасалған деді. 

Ашраф Ғанидің сөзінше, "Талибан" қозғалысының мүшелері бастапқыда Кабулге кірмеуге уәде берген, бірақ екі сағаттан кейін-ақ уәделерін бұзған. 

"Тәлібтердің екі түрлі тобы қалаға екі жақтан кірді. Олардың арасында жанжал болуы мүмкін деген күдік болды. Нәтижесінде бес миллион халқы бар қала қирауы ықтимал еді", - деп түсіндірді ол.

Бастапқыда Ғанидің әйелі мен ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысын эвакуациялау жайлы шешім қабылдған. Ал Ашрафтың өзі көлікті күтіп, қауіпсіздік министрлігіне бару керек болған. Алайда көлік келмегендіктен, президент күзетінің басшысы әрі қарай қарсыласса, барлығы мерт болуы мүмкін екенін ескерткен. 

"Ол маған екі минут берді. Алдыңғы жоспар бойынша Хост қаласына аттануым керек болған. Алайда күзет басшысы Хост пен Желалабад қалаларының тәлібтер қолына өткенін айтты. Қайда баратынымды білмедім. Тек ұшқан сәтте ғана Ауғанстаннан кетіп бара жатқанымызды түсіндім. Барлығы мен үшін күтпеген жағдай болды", - деді Ашраф Ғани.

Елден кеткен соң барлығы Ғани қомақты қаржыны өзімен алып кетті деп айыптаған. Бірақ бұрынғы президент мұны жоққа шығарып, халықаралық тергеу жүргізуді ұсынды. Тек осылай ғана өз абыройын сақтап қалатынын айтады. 

"Мен елден ешқандай ақша алып кетпегенімді мәлімдегім келеді. Менің қалай өмір сүретінімді барлығы біледі. Мен ақшаны не істеймін?", - деді ол сұхбат барысында. 

Ғани билік басында болған уақытта көп қателік жібергенін мойындады. Сонымен қатар ол үкіметтің құлауына АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамп пен тәлібтер арасындағы Америка әскерін Ауғанстаннан шығару жайлы келісімнің себеп болды деп топшылады. 

"Бейбітшілік орнаудың орнына біз кері шегіндік", - деп мәлімдеді ол.

Бұл келісімнен кейін ештең өзгермеген, тек 2021 жылы Джо Байден билікке келгенде америкалық әскерилер АҚШ-қа қайта оралды. Осы сәттен бастап тәлібтер Ауғанстан қалаларын басып ала бастаған. 

Ғанидің сөзінше, "саяси келісім емес, төңкеріс" орын алған. 

"Адамдар қатысқан саяси келісім болмады", - деді ол. 

Ашраф Ғани елден кеткен күні Ауғанстан толығымен тәлібтердің қолына өтті. Елде жаппай гуманитарлық және экономикалық дағдарыс басталды. 

Оқиғадан үш ай өткен соң Ғани кінәні өз мойнына алатынын айтқан. Ол "халықаралық серіктестерге" көп сенім артқанын да қосып өтті. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар