Жаңалықтар 01.01.2022 сағат 04:20

Тоқаев Қазақстанда Балалар жылын жариялауға шақырды

Тоқаев бұл жерде әңгіме ұрандар мен мерекелік іс-шаралар туралы емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, балалық шақты қорғау бойынша нақты шаралар туралы болып отырғанын атап өтті.
Тоқаев Қазақстанда Балалар жылын жариялауға шақырды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Балалар жылын жариялауға шақырды. Бұл туралы ол өзінің жаңажылдық үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балаларға ерекше көңіл бөлу керек. Олардың әл-ауқаты - мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі. Сондықтан келесі жылды балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев бұл жерде әңгіме ұрандар мен мерекелік іс-шаралар туралы емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, балалық шақты қорғау бойынша нақты шаралар туралы болып отырғанын атап өтті.

"Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз", - деді Президент.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар