$ 443.85  474.3  4.8

Таразда жаңа жылдық шырша өртеніп кетті

Шыршаның өртке оранған видеосы әлеуметтік желілерде лезде тарады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Таразда алаңда тұрған жаңа жылдық шырша тұрғындардың көзінше өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Шыршаның өртке оранған видеосы әлеуметтік желілерде лезде тарады.

Оқиға жайлы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді. 

"2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 00:06-да Тараз қаласындағы Арбат алаңында 15 шаршы метр аумақта жасанды жаңа жылдық шырша өртенді. Өрт сағат 00:15-те оқшауланып, сөндірілді. 00:20. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД 14 қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылды", - делінген ТЖД хабарламасында.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары