$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етеді

Қазақстан ТМД органдарына соңғы рет 2015 жылы төрағалық еткен.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1991 жылы желтоқсанда Алматыда өткен кеңесте ТМД-ны құру туралы тарихи декларация қабылданған еді.

Қазақстан ТМД органдарына соңғы рет 2015 жылы төрағалық еткен.

Айта кетейік, ТМД елдері алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттер қатарында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мен ұлғайту бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерінің өнеркәсіптік кооперациясын кеңейтуге баса назар аудара отырып, экономикалық өзара іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру қажет екені туралы мәлімдеді. Ол үшін өнеркәсіптік кешендерді дамытудың кемінде 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын әзірлеуді және қызметтер саудасы туралы келісімге қол қоюды ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ортақ аграрлық нарықты қалыптастыруды өзекті деп санайды. Оның айтуынша, ТМД елдерінің азық-түлік жүйелерін дамыту және өзара әрекеттесу стратегиясын әзірлеу ортақ мүддеге жауап берер еді. Тоқаев пандемияның теріс салдарын еңсерудегі ынтымақтастық мәселелеріне қатысты ТМД кеңістігінде вакцинация паспорттарын өзара тануды жеделдетуді ұсынды.

Тоқаев терроризм, діни экстремизм, есірткі саудасы көбейіп келе жатқан қатеріне бірлесіп қарсы тұруға баса назар аудара отырып, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіруді ТМД-ның тағы бір маңызды міндеті деп атады. Оның айтуынша, бұл қауіптер Ауғанстанда қалыптасқан жағдай аясында өте маңызды.

Қазақстан Президенті ТМД бойынша әріптестерді экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ілгерілетуде және шешуде ынтымақтастыққа шақырды. Ол ТМД кеңістігінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану мәселелерін шешу бойынша нақты қадамдар қабылдау қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол төмен көміртекті экономикаға көшу мәселесінің өзектілігін айтты.

2022 жылғы мамырда Нұр-Сұлтанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді деп күтіледі.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары