$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды – Тоқаев

Ол КСРО халық әртісі, сондай-ақ Қазақстанның "Халық Қаһарманы" атағына да ие болды.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 1 қаңтарда қазақтың күміс көмей әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін қазақтың күміс көмей, бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Ол КСРО халық әртісі, сондай-ақ Қазақстанның "Халық Қаһарманы" атағына да ие болды", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.

Роза Бағланова Қызылорда педагогикалық институтында білім алған. 1941 жылы оған Мәскеу консерваториясына жолдама берілді, бірақ соғыс басталып, ол Өзбек КСР-нің мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблімен бірге майданға аттанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында әншінің шығармашылық жолы басталды.

Әртістер бригадасының құрамында жүрген ол Кеңес әскері жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті. Әнші Лидия Русланованың репертуарынан әндер мен частушкалар, соның ішінде әйгілі "Ах, Самара-городокты" шырқайтын.  

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары