01.01.2022, 19:30

Әйелдер үшін зейнетке шығу жасы ұлғаяды

Фото: ашық дереккөз
Әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отырады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап елде әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас 6 ай болды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Биыл қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас 6 ай болып белгіленді.

"ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 11-бабына сәйкес, әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отырады. Бұл өзгерісті жүзеге асыру үшін 2018-2027 жылдар аралығындағы 10 жылда әйелдердің зейнеткерлік жасын 63 жасқа дейін жеткізу жоспарланған. 2021 жылы әйелдер 60 жаста зейнетке шыққан болса, биыл 1 қаңтардан бастап 60 жас 6 ай болған кезде ғана зейнетке шыға алады", - деп жазылған хабарламада. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, әйелдердің зейнет жасын кезең кезеңмен ұлғайту көзделген.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.