$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам зардап шекті

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы жол-көлік оқиғасы орнынан түсірілген кадрлар тарап жатыр. Жол апатынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертең алматылықтар Саин көшесі бойында жантүршігерлік жол апатына куә болды. Көліктердің бірі аударылып қалған.

"2022 жылғы бірінші ірі жол апаты", - деп жазылған жазбада.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 2022 жылдың 1 қаңтарында таңғы сағат 7:00 шамасында болған.

"Toyota camry көлігін мінген жүргізуші Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, №69А мекенжайындағы үйге қарама-қарсы жолда көлікті басқара алмай TLC Prado автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан TLC Prado аударылып қалған. Жол апаты салдарынан Toyota camry жолаушысы мен TLC Prado жүргізушісі және оның жолаушысы зардап шеккен. Материал аумағы бойынша Әуезов ауданының полиция бөліміне жіберілді", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары