$ 498.34  519.72  4.85

Шығыс Қазақстанда тойханаға қарулы адамдар басып кірді

Мейрамханада той болып жатқан.

Полиция мәліметінше, 1 қаңтар таңғы сағат 04.00 шамасында қарулы адамдар ШҚО Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде өткен тойға басып кірген. Оқиға видеоға түсіп қалған. Ведомство өкілі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрларда той үстінде қарулы екі адам атыс шығарғаны көрінеді. Ведомствода шабуыл дұшпандық қарым-қатынас салдарынан жасалғаны айтылды.

"Күдіктілер анықталды, бірі ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп мәлімдеді ШҚО ПД өкілі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #атыс