$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеу соты Томирис Байсафаның өліміне қатысты істі қайта қарайтын болды

Сот отырысы 19 қаңтарға жоспарланған.

Мәскеудің Никулин соты Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Мұртазәлі Меджидовтың ісін қайта қарайды, деп хабарлайдыіZakon.kz.

РИА Новости хабарлағандай, сот отырысы 19 қаңтарға жоспарланған.

2021 жылдың 7 маусымында алқабилер Меджидовты кінәлі емес деп таныды, бірақ Мәскеу қалалық соты оның күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.

2018 жылдың 13 сәуірінде қазақстандық Томирис Байсафа ММШХҚ-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кетті. Қыз Мәскеудегі универсиеттің Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-курсында оқып жүрген. Дәрігерлер қызға бірнеше ота жасады, бірақ үш аптадан кейін ол ауруханада қайтыс болды. Ресейдің Тергеу комитеті "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша тергеуді бастады. Кейінірек бұл іс "Кісі өлтіру" бабы бойынша қайта бағаланды.

Екі жылдан кейін 2020 жылдың 28 шілдесінде бұл іске қатысты Мәскеуде Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Мұртазәлі Меджидов ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Меджидов қызды ұрып, терезеден итеріп жіберген.

Мұртазәлі Меджидов тергеудің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауапқа алынды. Трагедия орын алған күні оны Томириспен бір аудиторияда болғанын көргендер бар. Жігіт пен қыздың ұрсысқаны да айтылады. Бірақ оған қарсы дәлелдердің болмауына байланысты "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары