Үндістанның Ассам штатында ешкі гуманоидқа ұқсас лақ туған. Ешкінің иесі 46 жастағы Шанкар Дасаның сөзінше, мұндай жағдайды бірінші рет көруі екен. Сонымен қатар ешкі осымен екінші рет төлдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Лақтың түрі адамға ұқсас және екі аяғы ғана бар. Беті, көзі мен мұрыны, ауызы баланікіне ұқсайды. Ауыл тұрғындары лақты көру үшін ешкі иесінің үйінде кезекке тұрған. Лақ тірі туған, бірақ көп уақыт өтпей өліп қалыпты.
Үндістанда төлдің немесе баланың мутацияға ұшырап туылуы жаман белгі болып табылады. Үндістер мұндай жануар иесіне жаманшылық алып келеді деп сенеді.
"Көп аймақтарда мұны ескертуге балайды. Адамдар мутанттардың туылуын құдайдан келген белгі деп санайды", - деді жергілікті тұрғын Ракеш Кумар.
Мал дәрігері Файяз Ахмедтің сөзінше, басқа жануарлармен салыстырғанда ешкілерде мутацияға ұшыраған төлдер жиі туылады екен.
"Ұрықтың дұрыс дамымауы Рифт-Валли безгегі әсерінен болғанға ұқсайды. Генетикалық мутацияға алып келген басқа да себептер болуы мүмкін", - деп қосты ол.
Бұған дейін Бразилияның Эспириту-Санту штаты, Нова-Валенсия муниципалитетінде екі басты бұзау туылған. Төл өздігінен тамақтана алмағандықтан иесі бөтелке арқылы тамақ берген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.