03.01.2022, 18:54

Жаңаөзендегі жағдай: Маңғыстау облысына Ералы Тоғжанов барады

Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарайтын Үкіметтік комиссияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқаратын болды.

Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарайтын Үкіметтік комиссияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқаратын болды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Комиссияны Е.Тоғжанов басқарады. Ертең таңертең ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжанов, ҚР энергетика министрі М.М.Мырзағалиев және Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С.М.Жұманғарин Ақтауға ұшады», - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: «Газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды» - Энергетика министрі

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау үшін Үкімет комиссиясы құрылған. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі сұйытылған газ бағасынан басталған парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялаған болатын.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек», делінген жазбада.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.