$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда азық-түлік супермаркеттерінің көпшілігі жабылды

Дүкендер мен дәріханалар да жабылған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Мегаполисте такси, тапсырыс қызметтері қолжетімсіз. Алматыда шерулерге байланысты Magnum желісі дүкендерінің көпшілігі жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Алматыдағы филиалдардың көпшілігі жабық.  Қазіргі уақытта жергілікті шағын дүкендер ғана жұмыс істейді. Әзірге қосымша ақпарат жоқ. Басшылық жағдайдың өзгеруін күтеді, бәріміз жақсылыққа үміттенеміз.  Бірте-бірте қызметкерлерді жинап, филиалдарды ашамыз. Мүмкіндігінше жағдайды бақылауда ұстаймыз. Біз коменданттық сағат басталғанша жұмыс істейміз, алкоголь сатылымнан алынды", - деді Magnum желісінің PR-менеджері Дмитрий Шишкин.

Сонымен қатар, мегаполисте екі Mega сауда орталығы жабылды. 

"Егер жұмыс кестесінде қосымша өзгерістер болса, біз сізге әлеуметтік желілерде хабарлаймыз", – деп түсіндірді сауда орталығының әкімшілігі. 

Сонымен қатар қалада такси қызметі қолжетімсіз. Дүкендер мен дәріханалар жабылуда. Тамақ, азық-түлік тапсырыс беру қызметтері де жұмысын тоқтатты.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары