Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке шабуылдай бастады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.
Басылым дерегінше, ғимараттың алдында үш мыңға жуық ер адам жиналған. Көбісінің қолында резеңке таяқ бар. Әкімдікті қоршауға алған 1 500-дей полиция қызметкері оларға жарық шу гранаталарымен тойтарыс беріп жатыр. Ашуға мінген ер адамдар БАҚ өкілінің көзінше бірнеше тәртіп сақшысын соққыға жыққан. Қалқандар мен каскаларды тартып алған.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.