$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 32 жедел жәрдем көлігі бүлінген

2 жүргізуші және 3 фельдшер жарақат алған.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 32 жедел жәрдем көлігі бүлінген, 4 көлік жарамсыз болып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсетті. ЖМЖС қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, ЖМЖС 5 қызметкері (2 жүргізуші және 3 фельдшер) жарақат алды. Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем автокөлігі (фаралар сынған, шанағы, әйнегі зақымданған және т.б.), жарамсыз күйдегі 4 автокөлік, мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында 3 көлік тәркіленіп, кейін көліктер қайта қайтарылды", - делінген хабарламада.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары