Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қайтыс болды. Оның жаппай тәртіпсіздіктер кезінде оқ тиіп қаза тапқаны туралы ақпарат осыған дейін тараған болатын. Кейін бұл ақпаратты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі де растады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректоры Ж.Түймебаевтың ұлының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты жалған ақпарат тарамас үшін келесіні хабарлаймыз: 06.01.2022 ж. Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын кешкі сағ. 18.35 минут шамасында Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан.
Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде", - делінген баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.