Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда террористік шабуыл дайындалғанын растайтын дәлелдерді әлемдік қауымдастық сотына ұсынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жақын арада, алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін әлемдік қауымдастық сотына елімізге қарсы террористік шабуыл дайындалғанын растайтын дәлелдерді ұсынамыз. Халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ, халықаралық гуманитарлық ұйымдар террористер, қылмыскерлердің заңсыз әрекетін толық тергеуге мүдделі екеніне сенімдімін", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ерте қорытынды жасамауды сұрады. Тоқаев әу бастан Қазақстан тарихындағы бұл қиын кезеңді жеңіп шығатынына сенгендерге алғыс білдірді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.