Алматы әкімі қала әуежайы қоқыс пен қирандыдан тазартылғанын және жұмысты қайта бастауға толық дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аппараттық жиналыс барысында Алматы әкімі қала әуежайындағы барлық жабдық қалпына келтірілгенін және жұмысқа дайын екенін мәлімдеді.
"Оларға жұмыс істеу үшін интернет қажет. Сондай-ақ, әуежайдағы кәсіптік нысандар жұмысын бастаған жоқ. Біз лаңкестерге қарсы орталықпен келістік (ЕСК. әуежайды іске қосу бойынша). Түрксіб ауданын тазарту жұмыстары іс жүзінде аяқталды, жүргізілген шаралардың нәтижесі бар. Кеше кешке терминалдың ішкі бөлігін тазартуға рұқсат берілді. Әуежай басшылығы қоқысты шығарғанын, терминал жұмысқа және рейстерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді", - деді әкім.
Әкімнің айтуынша, қазір әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жұмысқа рұқсат берілді және күні бойы оны іске қосу бойынша шаралар атқарылады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.