Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша ақпарат жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық комендатураның ақпарат орталығына сілтеме жасап.
Комендатура мәліметінше, келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды:
Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ "Өжет" ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 237 қатысушысы ұсталды. 31 бірлік атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді. Блокбекеттерде 38 адам ұсталды. "102" басқару пультіне небәрі 608 хабарлама келіп түсті.
Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түсті
Еске салайық, кеше, 10 қаңтарда Сайн - Райымбек - Карьерная - Жандосов көшелерінің аумағы, Абай - Достық - Әл-Фараби - Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғаны хабарланған болатын.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.