11.01.2022, 12:32

Мемлекет басшысы шетелге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берді

Фото: ашық дерекөз
Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жекелеген қаржы-өнеркәсіп топтарының капиталын шетелге шығару қаупі жоғары.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев капиталды шетелге шығару қаупі жоғары екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жекелеген қаржы-өнеркәсіп топтарының капиталын шетелге шығару қаупі жоғары. Оның ішінде жалған келісімшарт жасасу арқылы. Жеке тұлғалардың шоттарында қозғалыстар барын тіркедік. Сондықтан Ұлттық банкке ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, барлық транзакция мен елден негізсіз қаражат шығаратын тұлғаларды нақты бақылауды және тексеруді қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.