$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда тонаушылар тобы ұсталды

Маңғыстау облысының бес тұрғынынан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақ табылған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Медеу ауданының полицейлері тонаумен айналысқан Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Маңғыстау облысының бес тұрғынынан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақ табылған.

Ұсталғандар тәркіленген заттарды тонап алғанын мойындады. Сондай-ақ, олардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдер, сауыттар мен қалқандар тәркіленген.

Дерек бойынша ҚР ҚК-ның 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу" және ҚР ҚК-нің 188-бабы "Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау" бойынша соталды тергеу басталған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс сотқа жолданады.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары