$ 494.87  520.65  4.91

Қару-жарақ қоймасын тонағандар қолға түсті

Күдіктілер Жамбыл облысында ұсталды
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жамбылдық полиция қызметкерлері Алматы  облысындағы қару-жарақ дүкенін тонағандарды ұстады. Олар 7 қаңтар күні Қордай ауданындағы блокбекеттердің бірін кесіп өтпек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ..

Тәртіп сақшылары «Алматы-Ташкент» тасжолындағы блокбекетте мемлекеттік нөмірі жоқ Subaru Forester автокөлігін тоқтатқан. Тінту барысында 12 калибрлі 10 қару-жарақ, 1 пневматикалық тапанша мен аң аулайтын құралдар табылды. 

Тергеу жүргізу кезінде 24 жастағы автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенін тонауға қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 3-бөлім 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.

Айта кетерлігі,  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қордай ауданы аумағындағы екі блокбекетте жүздеген тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары