$ 494.87  520.65  4.91

«Президент құқық қорғау жүйесін реформалау саласында бірнеше маңызды постулатқа басымдық берді» - профессор

Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында құқық қорғау жүйесін реформалау және Қарулы Күштердің, құқық қорғау құрылымдарының және сыртқы барлау жұмыстарын қайта құру туралы көтерген мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында құқық қорғау жүйесін реформалау және Қарулы Күштердің, құқық қорғау құрылымдарының және сыртқы барлау жұмыстарын қайта құру туралы мәселе көтерген еді. Осыған орай заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов Мемлекет басшысы бұл саладағы екпінді бірнеше маңызды постулатқа бергенін айтты, - деп хабарлайды skifnews.kz.

«Елде заңның сақталуы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп әскер және құқық қорғау блогының жағдайына тікелей байланысты болғандықтан, Президент ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысын осы өзекті мәселеден бастады. Елдегі қауіпті жағдай аталған құқық субъектілері қызметінде бірқатар «тар жерлерді» көрсетіп берді. Яғни, әлсіз техникалық және өзге де жабдықтардан бастап, жеке құрамның лаңкестерге сауатты қарсы тұра білу қабілетіне дейін. Бұған қоса, ұлт үшін осындай қиын кезеңде «ойлау қабілетінің тапшылығын» еңсеруге әлі де дайындықтың аз екені байқалды. Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы бұл саладағы екпінді тығыз ынтымақтастық, өзара тиімді іс-қимыл, әрекет ету мен шешім қабылдаудағы жылдамдық, сондай-ақ, негізгі күш пен құралдарды сауатты басқару сияқты постулаттарға берді», - дейді ол. 

Профессор мемқызметшілердің жалақысына мораторий жариялау бірден-бір дұрыс шешім екенін айтады.

«Бұл Мемлекет басшысының дұрыс шешімі. Саяси мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы жалақысы айтарлықтай жоғары және оны дәйекті түрде арттыру, ең алдымен, олардың күш-жігерін қоғамдағы және мемлекеттегі конституциялық миссиясын толық орындауға бағыттауы керек еді. Соның ішінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын факторлардан бас тартуға қарсы тұру мәселесі тағы бар. Алайда, бұл орындалмады, мұндай тәсілдің тиімділігі өзін ақтамады. Олар мемлекеттік аппараттың байланыстарды ақпараттандыру аясында азаматтардың әлеуметтік жағдайын нақты аңғарудан алшақтай бастады. Оның үстіне, олардың жалақы мөлшері қарапайым қазақстандықтардың орташа жалақысының біршама бұрмалануына әкеп соқты», - дейді сарапшы. 

Марат Қоғамов Мемлекет басшысының үкіметке кәдеге жарату төлемін алып тастау бойынша берген тапсырмасы еліміздегі автомобиль өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сеп болады деп есептейді.

«Бұл, ең алдымен, біздің автомобиль өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және бұл процеске мемлекеттің толық қатысуын қамтамасыз етуге деген ұмтылысымен тікелей байланысты, - дейді ол.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары