$ 443.85  474.3  4.8

Әлихан Смайылов жаңа Үкіметтің міндетін атады

«Бұл осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет».
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрлер кабинетінің басшысы Үкіметтің жаңа мүшелерінің антын қабылдап, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін атап өтті.

"Құрметті Үкімет мүшелері, еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз Мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек. Біздер, Үкіметтің жаңа құрамы халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономика өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер мен бұзақы, тонаушылар келтірген орасан шығынды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет.

Бұл осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет. Біз біртұтас команда болуымыз керек, халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді", - деді бүгін Үкімет отырысын ашқан Әлихан Смайылов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары