$ 447.4  477.55  4.76

Бес облыста ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Еліміздегі 5 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Қазгидромет

12-14 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде және солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Талдықорғанда ертең түнде және таңертен тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында ертең кей уақыттарда тұман түседі.

Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Атырау қаласында ертең түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының батысында және орталығында тұман түсуі мүмкін. Ақтауда ертең түнде және таңертең тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары