$ 498.34  519.72  4.85

Үкімет СЭС-ті араб инвесторларына сату туралы заң жобасын қабылдамады

Декларацияны ратификациялау туралы заң жобасын Мәжілістен қайтарды

ҚР үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы заң жобасын Мәжілістен қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"2022 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкіметі «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамытуға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы» №3 қаулыны қабылдады", - делінген хабарламада.

Заң жобасының таныстырылымы Мәжілісте 23 желтоқсанда өтті.

"Декларация БАӘ-нің ірі компанияларынан 6 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл заң негізінен, энергетикалық инфрақұрылымды салу және жаңғырту үшін. Энергетика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көлік және қаржы негізгі салалар ретінде белгіленген. Декларацияда көзделген әрбір жоба бойынша жеке шарттар мен келісімдер жасалады.

Негізгі міндеттердің бірі - 51 пайыздық үлеспен ADQ араб қоры мен 49 пайыздық үлеспен "Самұрық-Қазына" қоры арасында энергетикалық консорциум құру. Холдингтің мақсаты Қазақстанның жаңа электр жүйесін салу және қолданыстағы электр энергетикасын жаңғырту жобаларын бірлесіп жүзеге асыру", - деді тұсаукесерде Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары