$ 494.87  520.65  4.91

Қамыс арасында өмір сүріп жүрген жігіт табылды

Өзін қабілетсізбін деп санайтын ресейлік теңіз жағасын мекен еткен

Ақтауда "Лада" басылымының журналистері Каспий жағалауында қамыс арасында түнеп жүрген жігітті тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үйсіз жүрген адам 5А шағынауданында қоныстанған. Журналистер бұл жерден тамақ пісіретін пешке ұқсас затты, бұта арасында ұйықтауға арналған көрпе, екі жастық және заттар салынған сөмкені тапқан. Жақын жерде азық-түлік, картоп, пияз пакеттері бар. Мұнда макарон, сұлы, қаймақ және басқа да азық-түлік қалдықтарын да көруге болады. Сондай-ақ, бос сыра бөтелкелері мен тамақ ыдыстары бар.

 

 

 

 

Ер адам есімі Максим екенін айтты. Ол 1986 жылы туған. Оның айтуынша, 2004 жылы әкесімен бірге Ақтауға Самара облысынан келген. Ол өзін келеке етіп, өмірін құртқанын айтты. Бірақ кім кінәлі екенін айтпаған. Ата-анасы қайтыс болғасын жалғыз қалған. Қазір теңіз жағасында тұрады. Тамақты қоқыс контейнерлерінен алады.

Өзін қабілетсізбін деп санайды. Оның айтуынша, төлқұжаты жыртылып қалған. Себебін де айтпаған. Максимнің айтуынша, полиция қызметкерлері оны бір рет алып кеткен. Кейін оны босатқасын, жағаға қайтқан. Журналистер осы адамды білетіндерден хабарласуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау #Ресей