Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы кеңсесінде тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Иә, монополияға қарсы департамент қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесінде тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу сұйытылған газдың алты көтерме сатушысына қатысты», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі өкілі.
Бұл ретте агенттіктің Telegram-арнасында «ҚазМұнайГаз» кеңсесінде түсірілген кадрлар жарияланды.
Бұған дейін, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған газдың алты көтерме сатушысына қатысты тергеуді бастаған болатын: «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Petrosun» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «СП Қазгермұнай» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГӨЗ»ЖШС.
Нарықтағы бұл компаниялардың іс-әрекеттерінде ТМД-ға көтерме саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгілеуде жағдайды теріс бағытта пайдалану дерегі байқалғаны айтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тергеудің алдын ала қорытындылары 20 күн ішінде шығарылады.
Сонымен қатар, агенттік сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатқан 180 кәсіпкерге қатысты тексеруді бастаған.
5 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық ахуалына жол бергені үшін Үкімет, атап айтқанда Энергетика министрлігінде, сондай-ақ "Қазмұнайгаз" және "Қазақгаз" компанияларында ерекше кінә бар екенін мәлімдеді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.