$ 444.22  476.38  4.82

Мурата мен Головкиннің жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қос алып рингте қолғап түйістіріп, керемет бокс кешін ұйымдастырады

WBA тұжырымы бойынша «суперчемпион» Риота Муратаның (16-2, 13 КО) өкілі Акихико Хонда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы жекпе-жек қашан өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Головкиннің командасы Жапониядағы жағдаймен жақсы таныс. Алдағы уақытта керемет бокс кешін ұйымдастырып, сәуірде қос алып рингте қолғап түйістіреді деп сенеміз. Муратаның Лондон Олимпиадасында орта салмақта чемпион атанғанына 10 жыл болды. Олимпиада «алтынының» беделі жоғары екені рас. Дегенмен ол әлі де белсенді. Риота маған Геннадиймен ертерек айқас ұйымдастыруды сұрады», - дейді Хонда nikkansports.com сайтына берген сұхбатында.
 

Бастапқыда жапон тарапы кейінге қалдырылған жекпе-жекті ақпанда өткізуді жоспарлаған. Алайда сәуірге дейін күтуді жөн көрген. Өйткені коронавирусқа байланысты шетел азаматтарына елге кіруге қашан рұқсат беретінін белгісіз. Сонымен қатар, yahoo.co.jp сайты мәліметінше, Головкиннің командасы бұл шешімді қолдап, Жапонияға барғанда оқшаулануға келіскен.

Еске салайық, Головкин мен Риота арасындағы жекпе-жек былтыр желтоқсанда Токио төрінде өтуі тиіс еді. Алайда күншығыс елінде коронавирус өршіп кеткеніне байланысты кездесу кейінге шегерілген болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары