Алматыда өртенген және атылған 140 көлік айып тұрағына қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы қаласы құтқару қызметінің бастығы Бейсеғали Жүнісов 47 көлік өртеніп, 48-і атылып, 17-сі қарақшылық шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. 40 көлік құқық қорғау органдарына, соның ішінде жүк көліктеріне тиесілі екені белгілі болды.
Көкжиектегі автотұрақтан "Гелендвагендер", "Лексустар" мен "Мерседестерді" де, лаңкестер басып алған әскери жүк көліктерін де байқауға болады.
"Кейбір көлік иелері алып кеткісі келеді. Бірақ тергеу аяқталғанша оларды бере алмаймыз", - деді Жүнісов.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.