$ 446.49  475.38  4.79

Алматылықтар Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады

Белсенділер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматыға жаңа әкім сайлауды сұрайды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Алматы тұрғындары Бақытжан Сағынтаевтың отставкасын талап етіп, петицияға қол қойып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz. 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап еткен петиция бірнеше сағат ішінде 7 мыңнан астам қол жинады. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталған. 

Алматы қаласының тұрғындары қол қойған петиция авторларының пікірінше, Сағынтаев "өміріндегі ең маңызды сынақтан өте алмады. Ең қиын күндері қала тұрғындарына моральдық жағынан да, физикалық жағынан да қолдау көрсетпеді”. 

"Ол тіпті қарапайым эфирге шығып, алматылықтарға үндеу айтпады. Қолдау көрсетпеді. Біз әкімді 8 қаңтарға дейін көпшілік алдынан көрмедік", – делінген петицияда.

"Қазіргі қала әкімінің қазіргі әрекеті мен бұған дейінгі әрекетсіздігі қынжылтады. Сағынтаев мырза, тұрғындардың қоғамдық кеңестегі белсенділігіне, сондай-ақ қала үшін басты құндылық – балалар мен жақындарымыздың қауіпсіздігін алға қоймағанына қарамастан, өзінің күн тәртібі бойынша жұмысын жалғастыруда. Әкім мырза ең қиын сәттерде басшы ретінде өзінің дәрменсіздігін көрсетті деп ойлаймыз. Пандемия кезінде де, террористік шабуылдар кезінде де солай болды", – делінген хабарламада.

Белсенділер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматыға жаңа әкім сайлауды сұрайды. 

"Алматы әкімі лауазымына ашық сайлау өткізу уақыты келді деп есептейміз. Егер бұл мүмкін емес деп санасаңыз, онда сізден туған қаласының мұқтажын жақсы білетін және оңтүстік астана тұрғындарының қолдауына ие болған нағыз алматылықты қала әкімі лауазымына тағайындауыңызды сұраймыз", – делінген петицияда.

Бақытжан Сағынтаев Алматыны 2019 жылдың маусым айынан бастап басқарып келеді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары