$ 494.87  520.65  4.91

Террористік қауіп төнуі мүмкін

Нұр-Сұлтан қаласына лаңкестік қауіптің жоғары деңгейінің белгісі бекітілді

Елордалық лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жедел штаб 14 тәулікке террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленгенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz  

Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпаратты мониторингілеу және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығының талаптарына сәйкес, елордалық лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысының шешімімен Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап 14 тәулік мерзімге террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленді.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын ұстануды сұраймыз.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары