$ 494.87  520.65  4.91

Шеруге шыққандарды ұрып-соғуда

Әлеуметтік желілерге тараған ақпарат жалған болып шықты

Әлеуметтік желілерде Атырауда «Динамо» спорт залын митингіге қатысқандарды ұрып-соғатын жерге айналдырғаны туралы хабарлама таралып жатыр.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері соққыға жыққандардың арасында блогерлер, азаматтық белсенділер және қарапайым тұрғындар бар екен.

Атырау облысының комендатурасының хабарлауынша, бұл ақпарат – фейк. Бұл туралы stopfake.kz сайты жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атырау облысының комендатурасы әлеуметтік желілерде «Динамо» спорт кешенінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарды ұрып-соғу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жақындарын немесе туыстарын жоғалтқан адамдардан 102 операторына немесе 98-10-04 нөмірі бойынша хабарласуларын сұраймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Атырау облысы Полиция департаменті тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары