$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жүкті болып, қолдаусыз қалған жас аналар орталығы ашылды

Ол орталық өмірге нәресте әкелген соң жақындарынан қолдау таба алмаған, баспанасы жоқ, ал ең қорқыныштысы, баладан бас тартуды ойластырып жүрген жас аналарға арналған, деп хабарлайды жергілікті Отырар арнасы.

Мұндағы мамандар осындай арнайы үйлер ана мен бала арасындағы махаббатты нығайтып, тастанды балалардың санын азайту үшін ашылып жатыр дейді.

«Төрт айдан бері бұл үйде 11 жуық бойжеткен тұрған. Олардың алтауы ата-анасымен татуласып, баласын балалар үйіне өткізуден бас тартқан. Бір бойжеткен баласынан безінгені үшін орталықтан шығарылған. Қалған қыздар өмірдегі өз орнын тапқанша осы жерді паналамақ», делінген телеарна сюжетінде.

Мамандардың айтуынша, аналар бөбегінен безінбес үшін Шымкентте тағы да бір орталық ашу жоспарда бар. «Ана үйi» қоғамдық қоры осылайша Қазақстандағы тастанды балалардың санын азайтуды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары