$ 444.22  476.38  4.82

Туризм комитеті қазақстандықтарды Израильге бармауға шақырды

Қазақстандықтардың Израиль мен Газа секторына жол жүрмей тұра тұрғаны абзал, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Израиль-Палестин шиеленісінің өршіп тұруына байланысты ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті қазақстандық азаматтарға Израиль, Газа секторы және Иордан өзенінің батыс жағалауына екі жақ тараптық атыстар тоқтағанға дейін барудан бас тартуға кеңес береді», делінген комитет таратқан мәлімдемеде.

Израильдің оңтүстік қалаларында, атап айтсақ Сдерот, Ашкелон, Ашдод, Беэр-Шева, Кирят-Гат, Нетивот және Офаким қалаларында уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан қазақстандық азаматтарға аса сергектік танытуды сұрайды.

«Егер қажет болған жағдайда Израильдегі ҚР елшілігінің консулдық бөлімімен 03516-3411 телефоны немесе t.sailauuly@mfa.kz электрондық поштасы бойынша байланысуға кеңес береміз. ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің телефоны:8 (7172) 74 91 63», деп атап өтілген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Тель-Авив әуежайының маңына палестиналық зымыранның тасталуы салдарынан бір топ қазақстандық Израильден ұшып кете алмаған болатын. Израильге Қазақстан азаматтары Түркиядан саяхаттап келген. Артынан бұл мәселені шешуге Қазақстан тарапы да араласып, оларға қауіпті аймақтан шығуға көмектесті.

Еске сала кетейік, Израиль Газа секторында 7 шілдеден бері әскери операция жүргізіп жатыр. Ондағы мақсат анклавта билік етуші ХАМАС қозғалысы мен басқа да содырлар топтарының әлеуетін жойып, палестиналық зымырандардың атқылауын тоқтату болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары