$ 446.49  475.38  4.79

Пианинода ойнаған полиция қызметкері Қазнетті сүйсіндірді

Онда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Криминалдық полициясының полиция майоры Ренат Сәдуақасов сауыт пен каскада отырып, Yiruma-ның "River Flows in You" атты композициясын орындағанын көруге болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Пианинода ойнаған полиция қызметкерінің видеосы Қазнетте танымалдылыққа ие болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Instagram-дағы Tipavlo парақшасында осындай видео жарияланды. Онда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Криминалдық полициясының полиция майоры Ренат Сәдуақасов сауыт пен каскада отырып, Yiruma-ның "River Flows in You" атты композициясын орындағанын көруге болады.

Полиция қызметкерінің айтуынша, сол сәтте әріптестерінің көңіл күйін көтергісі келген. Видеоны 55 мыңнан аса желі қолданушысы көрген.

Пікір білдірушілер видеоны көргенде, көз жасына ерік бергенін мойындады. Кейбіреулер батыл, ержүрек полиция қызметкерлері қиын кезекшілік арасында таланттарын әсерлі түрде көрсеткенін жазған.

Видео кейіпкері бұл салада 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Оның әкесі де полицияда қызмет еткен.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары