$ 494.87  520.65  4.91

Дипломаттар белгісіз ауруға шалдығып жатыр

«Гавана синдромының» белгілері – бас ауруы, шуыл, бас айналу, когнитивтік қиындықтар, көру, есту және дене тепе-теңдігін сақтай алмау.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Женева мен Париждегі дипломатиялық өкілдіктерде белгісіз ауруға шалдыққан америкалық қызметкерлер туралы дерек АҚШ үкіметін алаңдатып отыр, деп жазды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, АҚШ елшіліктері мен консулдықтарының бірнеше қызметкері себепсіз бас ауруы мен басқа да неврологиялық проблемаларға шалдыққан. Мамандар бұл дертті «Гавана синдромы» деп атаған.

«Франция мен Швейцарияда жұмыс істейтін америкалық дипломаттардағы аурудың алғашқы белгілері 2021 жылдың жазында байқала бастаған. Науқас шенеуніктердің бірі емделуге Швейцариядан үйіне жіберілді», – деп мәлімдейді халықаралық басылым.

«Гавана синдромының» белгілері – бас ауруы, шуыл, бас айналу, когнитивтік қиындықтар, көру, есту және дене тепе-теңдігін сақтай алмау.

Елшілік дәрігері Джоанна Вудстың айтуынша, жұмбақ аурудың алғашқы оқиғалары 2016 жылы Кубадағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері арасында тіркелген. Содан бері 200-ге жуық АҚШ дипломаты осыған ұқсас ауру белгілеріне шалдыққанын айтып шағымданған.

АҚШ арнайы барлау қызметінің мамандары «Гавана синдромы» белгісіз радиотолқындардың әсерінен болуы мүмкін деген болжам айтуда.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары