Орал-Атырау тасжолында "КамАЗ" бен Toyota Camry көлігі соқтығысты. Апат салдарынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өңір полициясы мәліметінше, жол апаты 14 қаңтарда сағат 7.55-те болған.
"Көліктер соқтығысқаннан кейін өрт шыққан. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы "Жол-қозалысы ережісін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, жеңіл автокөлік толық жанып кеткен. Қаза болғандардың жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.