$ 449.3  489.69  4.89

Ұлттық ұлан тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген техникаларды көрсетті (ВИДЕО)

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері арнайы құралдар мен техниканы қолданып, бүлікшілерге қарсы тұрған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Ұлттық ұланы тәртіпсіздіктер кезінде арнайы жасақ көлігі қалай бүлінгенін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері арнайы құралдар мен техниканы қолданып, бүлікшілерге қарсы тұрған.

"Шымкентте 6 қаңтарға қараған түні Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы бөлімшесі полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, ұйымдасқан топ тәртіпсіздіктерін жойды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қақтығыстар кезінде тәртіпбұзушылар атыс қаруын, қолдан жасалған материалдар мен тастарды қолданғаны айтылды.

"Бүлікшілер көліктерді аударып, жолдарды жауып тастады, арнайы көліктерге оқ жаудырды. Терезелердегі оқ іздері осыны айғақтайды. Сан жағынан артықшылық бүлікшілер жағында болды - бір адамға 50-і", - деді Ұлттық ұлан өкілі.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары