$ 449.3  489.69  4.89

Полиция ардагерлері халықты бүлікті тергеуге көмектесуге шақырды

Тергеушілер «дәлел-дәйек анықтаймын» деп жүргенде нағыз қылмыскерлер көзден таса болуы ықтимал

Бүлікке қатысты жайтқа куә болсаңыз, тергеу жұмыстарына көмектесіңіз. Полиция ардагерлері тұрғындарды осыған шақырды. Сонымен қатар қылмысты ашуға дәйек болатын заттар пен құжаттарды құқық қорғау органдарына тапсыруды сұрайды. Өйткені кешегі дүрбелеңде бүлікке бастағандарды анықтау маңызды. Ал мамандар айыпталушылардың кім екенін көпішілікке жария етуге әлі ерте екенін айтады, деп хабарлайды Хабар24.

Елде жаппай тәртіпсіздік бойынша 500-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Бірақ тергеу кезінде бұл көрсеткіш жоғарылауы мүмкін. Сондықтан бүлік кезінде зардап шеккен азаматтар ғана тергеу жұмыстарына көмектесе алады, дейді заңгер Марат Қоғамов.

 - Еліміздің біраз тұрғыны болған бүлікті көрді. Сондықтан куәгер ретінде тергеуге қатысудан қорықпауы керек. Бәлкім кейбірі көптің назарынан тыс қалған нәрсені байқаған шығар. Зардап шексе де қылмыстық іске араласудан бас тартып жатқандар да болуы мүмкін. Фотосурет пен видеоматериал, аудиожазбалар қазір ауадай қажет. Кәсіпкерлік субъектілері тиісті құжаттарын, анықтамалары мен ревизия акттерін құқық қорғау органдарына тапсыруы тиіс, дейді заңгер.

Мұның бәрі уақыт ұту үшін қажет. Өйткені тергеушілер «дәлел-дәйек анықтаймын» деп жүргенде нағыз қылмыскерлер көзден таса болуы ықтимал.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары